Басып шығару
PDF

Институционалды және арнайы (бағдарламалық) аккредитациялау

arrow Институционалды және арнайы (бағдарламалық) аккредитациялау (14.05.2018-15.05.2018 ж.ж.)

arrow Аккредитациялау туралы куәлік (2018 ж.)

arrow Институционалды және арнайы (бағдарламалық) аккредитациялау (10.03.2016-16.03.2016 ж.ж.)

arrow Аккредитациялау туралы куәлік (2016 ж.)

 

Қазақстанда ұлттық тәуелсіз аккредиттеуді енгізудің негізгі мақсаттары:

  • 2011-2020 ж.ж. арналған ҚР білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
  • Болон үдерісі контексінде аккредиттеудің халықаралық үлгісін енгізу (Еуропалық стандарттар және басшылыққа алынатын принцптер,
  • Жоғары білімдегі ұлттық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  • Сапаны қамтамасыз етудегі өзіндік жүйені әзірлеуде ЖОО-ға қолдау және көмек көрсету.

Саяси, нормативті және құқықтық база

  • 2010 ж. 01 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
  • 2011 ж. 07 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  • 2011 ж. 11 ақпанындағы ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» деп аталатын Қаулысы.
  • .
  • 487-IV «Білім туралы Заңына» толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» ҚР Заңы.

Қазақстан ЖОО-ларында аккредиттеуді өткізу кезіндегі ынталандыру механизмі

  • Арнайы аккредиттеу және институционалды аккредиттеуден өткен кезде ЖОО-ны мемлекеттік аттестаттау бағдарламаларынан босату.
  • Аккредиттеуден өткен ЖОО-ларда ғана мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыру:

- бакалавриат деңгейінде 2015 ж. бастап;

- магистратура деңгейінде 2014 ж. бастап;

- PhD бағдарламасының деңгейінде 2014 ж. бастап.

Қандай агенттіктерде ЖОО-лар аккредиттеуден өту керек?

  • ҚР БжҒМ 1-аккредиттелген органдарының Ұлттық реестріне кіретін агенттіктерде аккредиттеуден өткен кезде ғана ЖОО мемлекеттің преференциясына ие болады.
  • «Білім туралы» Заңына сәйкес, аккредиттеу органдарында өзіндік аккредиттеу стандарттары болуы керек.

Аккредиттеу принциптері:

  • еріктілік;
  • адалдық пен ашықтық;
  • объективтілік пен тәуелсіздік;
  • ЖОО-лардың жауапкершілігі;
  • құпиялылық.

ЖОО-ны аккредиттеу кезінде қолданылатын анықтамалар мен терминдер:

Аккредиттеу дегеніміз – нақты стандарттар мен критерийлерге сәйкестілігін анықтау мақсатында тұтастай ЖОО қызметін немесе ЖОО-ның жеке білім бағдарламаларының сапасын аккредиттеу органының анықтауы болып табылады. 

Аккредиттеу келесі түрлер бойынша ажыратылады:

1) құрылым бойынша:

  • институтуционалды аккредиттеу – стандарттар мен критерийлерге сәйкес, тұтастай білім ұйымының қызметін аккредиттеу;
  • арнайы (бағдарламалық) аккредиттеу – стандарттар мен критерийлерге сәйкес, кәсіби білім бағдарламаларын аккредиттеу;

2) аумақ бойынша:

  • ұлттық аккредиттеу – ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен білім ұйымын немесе бағдарламасын аккредиттеу;
  • халықаралық аккредиттеу – мақұлданған халықаралық аккредиттеу агенттігімен білім ұйымын немесе жеке кәсіби білім бағдарламаларын аккредиттеу.

Аккредиттеу кезеңдері:

1-кезең: Аккредиттеу агенттігімен ЖОО-ның өтінімі мен келісімшарты.

               Оқыту семинарларын өткізу.

               ЖОО-ның қызметі туралы өзіндік есебін жазу.

2-кезең: Бекітілген жерде аудит жүргізу.

Этап 3: Аккредиттеу Кеңесімен шешім қабылдау.