Басып шығару
PDF
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымы
орындарына конкурс жариялайды:

Кафедра меңгерушілігі қызметі бос лауазымы орындарына:

  • «Тау-кен ісі , металлургия және жаратылыстану» – 1 бірлік;
  • «Технологиялық машиналар және құрылыс» – 1 бірлік;
  • «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» – 1 бірлік.

Профессорлық қызмет бос лауазымы орындарына:

  • «Тау-кен ісі, металлургия және жаратылыстану» – 2 бірлік;
  • «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» – 2 бірлік.

Доценттік қызмет бос лауазымы орындарына:

  • «Педагогика, психология және филология» – 4 бірлік;
  • «Шығармашылық білім беру бағдарламалары» – 3 бірлік;
  • «Электроэнергетика және еңбекті қорғау» – 2 бірлік;
  • «Тау-кен ісі, металлургия және жаратылыстану» – 1 бірлік.

Аға оқытушы қызметі бос лауазымы орындарына:

  • «Тау-кен ісі, металлургия және жаратылыстану» – 2 бірлік;
  • «Педагогика, психология және филология» – 2 бірлік;
  • «Технологиялық машиналаржәнеқұрылыс» – 4 бірлік;
  • «Электроэнергетика және еңбекті қорғау» – 1 бірлік;
  • «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» – 1 бірлік.

Ассистенттікқызмет бос лауазымы орындарына:

  • «Педагогика, психология және филология» – 1 бірлік;
  • «Шығармашылық білім беру бағдарламалары» – 1 бірлік;
  • «Технологиялық машиналаржәнеқұрылыс» – 1 бірлік.

1) Конкурсқа қатысуға ниеті бар тұлғалар университет ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар тіркеледі:

  1. жеке куәліктің көшірмесі;
  2. автобиография;
  3. жоғары білімі, академиялық және ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және оны тексеру үшін түпнұсқасы;
  4. ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;
  5. 72 сағаттан кем емес көлемде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№086 форма);
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  8. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша психоневралогиялық ұйымнан анықтама;
  10. Кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлға үшін кафедраның болашақ дамуы туралы жоспары.

2) Жезқазған университетінде жұмыс істейтін тұлғалар кокурсқа қатысу үшін университет ректорының атына өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі Ф 1.11 нысан бойынша;
  2. шығармашылық есеп;
  3. кафедра меңгерушісінің бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлға үшін кафедраның болашақ дамуы туралы жоспары.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәрбиесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар, қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері, дипломдардың, грамоталардың және 3 жыл ішіндегі наградтау мен көтермелеу туралы басқа да растайтын құжаттардың көшірмелері / салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынуға құқылы.

Барлық құжаттар барлық салынған құжаттардың тізімдемесі бар папкаға салынып (құжат тігілетін папкаға) тапсырылады.

Бос лауазымдар конурсына өтініш беру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

Құжаттарды мына меке жайға жіберуге болады:

  • 100602, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1Б, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Бас оқу ғимараты, 103А - кабинет.
  • электрондық поштаға:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек Word форматындажәне сканерленген түрде.

univer2.0   Ministerstvo Obrazovanie RK   site prezidenta kazakhstana 0   antikor   fin logotip ru

Bolashak   serpin logotip 01   Elektronnoe Pravitelsto Kazakhstana    covid