Басып шығару
PDF

ЖезУ жастары қайырымдылық іске атсалысты

001

12 наурыз күні Серке театрында аймақтық «Алға,Бас!» жастар театры мен Жезқазған университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының бірлесуімен «Беу, қыздар-ай» комедиялық спектаклі қойылды.

Жас әртістер көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, көпшіліктің оң бағасын алды.

Басты рөлдерді сомдағандардың қатарында ЖезУ студенттері де болды: Тәңірберген Шадыман (Стр-15-1), Тойлыбаева Ардақ (КЯЛ-16-1), Сейтпеков Дәулет (КЯЛ-17-1).   

002   003

Естеріңізде болса, қойылымның билет сатылымынан түскен қаражат жерлесіміз, Кеңгір елді мекенінің тұрғыны Серік Мадияр Берікұлына беріледі деп уәде еткен едік. Уәде орындалды. Мадиярдың өзі қойылымға келе алмағандықтан, жиналған қаржы көпшіліктің алдында оның апасы Алтын ханымға табысталды.