Басып шығару

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің

диплом табыстау рәсімі 

0302

 2019 жылдың 9 шілдесінде Жезқазған қаласы Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті түлектерінің салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл іс-шараға құрметті қонақтар, университет басшылығы, оқытушылар, студенттер және олардың отбасы мүшелері қатысты.

Биылғы жылы ЖезУ-ді 16 магистр және 470 бакалавр бітірді. Оның ішінде 36 түлек «үздік» диплом алды. 

0025

Дипломдарды табыстау – жаңа дербес өмір мен перспективалы мансаптың басталуын білдіретін студент өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі.

Мерекелік іс-шараны Жезқазған университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі Әбділмәлік Арғынұлы Тәкішев түлектерді студенттік өмірдің аяқталуымен құттықтап, мансап жолында табыс тіледі.   

0067

Үздік түлектерфанфар дыбыстарымен және қонақтардың қол шапалақтарымен сахна төріне шақырылып, ЖезУ ректорының қолынан өз дипломдарын алды.

Музыкалық номерден кейін Жезқазған университетінің үздік түлектері, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, студенттер марапатталды. Номинанттарға дипломдар мен ленталарды тапсыру 18 номинация бойынша өтті.

0115

Кезекті музыкалық номерден кейін магистрант-түлектер шақырылды. Жүргізушілер бұйрық оқып, соған сәйкес түлектер «Магистр» дәрежесін алды.

Іс-шара барысында студенттер атынан университет түлектері Құттыбай Қуаныш, Ромаскевич Павел, Сапарбек Жанерке білім алған оқу орынына және ЖезУ ректоры, профессор Ә.А.Тәкішевке алғыс білдірді.

0177

Түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі ЖезУ маршымен аяқталды.

0318

Барлық суреттер альбомда:

arrowТүлектерге диплом тапсыру рәсімі – 2019. І бөлім.

arrowТүлектерге диплом тапсыру рәсімі – 2019. ІІ бөлім.