Басып шығару
PDF

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне түскісі келетін

шет ел азаматтарына арналған ақпарат

Шет ел азаматтары Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне ЖОО-ға қабылдау реттілігі мен шет ел азаматтары туралы  Ережесі бойынша оқуға түсе алады.

ЖезУ-ге шет ел азаматтарын қабылдау барлық оқу түрі бойынша, бюджеттік және келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Шет ел азаматтары конкурс негізінде мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес, ақысыз жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттары бойынша анықталады.

Шет ел азаматтарын жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға қабылдау жоғары оқу орнындағы қабылдау комиссиясымен өткізілген әңгімелесу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

Аталған нұсқаулық 28.01.2000 ж. ҚР Үкіметінің № 136  Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына (ҚР) келген және осында қалған шет ел азаматтары, сонымен қатар шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасынан кету Ережелері негізінде жасалған .

1.Шет елдік студенттің міндеті:

Жезқазғанға келген күні (немесе келесі күні) қабылдау комиссиясына Жезқазған қаласының миграциялық полиция Басқармасына төлқұжатты тіркеу үшін және есепке алу үшін келесі құжаттар өткізуі қажет:

  • төлқұжаттың түпнұсқасы (немесе бар болған кезде ҚР-да тұратын тұрғылықты жері);
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорография суретімен бірге);
  • 3х4 сурет төрт дана;
  • сабақ оқуына кедергі келтірмейтін, сырқаты жоқтығын дәлелдейтін медициналық анықтама (ЖТИС анықтамасы);
  • пәтерде тұрған жағдайда пәтер иесі құжаттарының көшірмесі (жеке куәлік/төлқұжат, үй кітапшасы, жалдау туралы келісімшарт, пәтерде тұруға рұқсаты бар нотариалдық рұқсаттама).

  2. Шет елдік студент уақытында қадағалап отыруы қажет:

  • өз төлқұжатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы;
  • жоғалтып алған жағдайда төлқұжатты қайта жасату;
  • СТН рәсімдеу;
  • Қазақстан Республикасында тұратын тұрғылықты жерін рәсімдеу (қажет болған жағдайда); 
  • шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды расталу қажет;
  • шет елдік білім ұйымдарымен берілген білім туралы құжаттары оқуға қабылданғаннан кейін оқу жылының бірінші семестрінде бекітілген заңнаманың реттілігіне сәйкес, нострификация процедурасынан өтеді;
  • аталған Типтік ережелерінде көрсетілмеген мәселелер жоғары оқу орнындағы қабылдау комиссиясымен шешіледі.

3. Нострификация процедурасы

Тану және нострификациялау процедурасына келесі құжаттар дайындау қажет:

  • Консулдық заңдастыру немесе апостильдеу;
  • Өтініш;
  • Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • Оқу курстарының меңгергендігі және оның көлемі, алған қорытынды бағалары, тәжірибе, курстық жұмыстары мен қорытынды біліктілік жұмыстардың тізімдері көрсетілген, сонымен қатар басқа да оқу үдерісін құрайтын білім туралы құжатының қосымшасы (түпнұсқа); 
  • Білім туралы құжатының және қосымшасының мемлекеттік немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы (немесе дипломатиялық қызмет органымен расталған);
  • Нотариалды расталған талапкердің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Оқу орнының мөрімен расталған білімі туралы құжатты берген мемлекеттің білім саласындағы өкілетті органындағы оқу орнының аккридеттелгендігі туралы куәліктің немесе лицензияның көшірмесі (мүмкін болған жағдайда мемлекеттік немесе ресми тілдегі нотариалды расталған аудармасы); 
  • Тану немесе нострификациялау процедурасына төлегендігі туралы түбіртек.

4. Қазақстанда білім алуға дайындық

Жол жүруге ертерек және мұқият дайындалуыңызға ұсыныс береміз. Себебі, қажетті құжаттарды дайындау рәсімі қиын, әрі үлкен еңбекті қажет етеді.

5. Сіз тұрып жатқан мемлекетіңізден келмес бұрын:

Қазақстанға келген кезде жарамды төлқұжат алыңыз (төлқұжаттың мерзімі Қазақстанда болатын мерзіміңізбен сәйкес келу керек, яғни 6 айдан кем емес);

Қажет болған жағдайда виза алу үшін өтінім беріңіз (қосымша ақпарат алу үшін өз еліңіздегі жақын орналасқан елшілікке немесе консулдыққа хабарласыңыз);

Оқу жылына жеткілікті қаржы бар екендігі туралы жазбаша түрде растау алыңыз (банктен). Сонымен қатар, виза алу үшін де Сізге қаражат керек болады.

6. Пәтерлерде / жеке тұрғын үйде тұру:

Жеке тұрғын үйге қол жеткізгісі келетін студент оқу жылы басталғанға дейін қабылдау комиссиясына Университеттің жатақханасы туралы ақпарат алу үшін хабарласу керек.