Басып шығару
PDF

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне

 оқуға түсу үшін қажетті

құжаттар тізімі

Студенттер қатарына қабылдау Жезқазған университетінің қабылдау комиссиясымен жыл сайын тамыз айының 10-нан бастап 28-не дейін жүргізіледі.

Жезқазған университетіне оқуға түсетін тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш;
  • орта (жалпы орта), техникалық және кәсіби (бастапқы және орта кәсіби, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа); 
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;
  • 3x4 көлемдегі 6 фотокарточка;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • Ф-063 үлгісіндегі алдын-ала екпелер картасының көшірмесі;
  • білім грантының тағайындалуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • тіркеу куәлігініңкөшірмесі (ер балалар үшін).

Қабылдау комиссиясы