Басып шығару

Білім ұйымына оқуға қабылдаудың типтік ережелері

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 
2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 600 бұйрығына 1-қосымша

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖОО) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады 

Оқуға қабылдаудың типтік ережелері