Басып шығару
PDF

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:

- студенттердің танымның ғылыми әдісін меңгеруі, оқу материалдарын тереңдете және шығармашылықпен игеруі;

- ғылыми міндеттерді өз бетінше шешу құралдарын және әдіснамасын меңгеру;

- ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ҒЗЖ ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерімен таныстыру.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу үдерісінің жалғасы және оны тереңдету болып табылады, ол кафедраларда ұйымдастырылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылықты ЖОО профессорлары мен оқытушылары жүзеге асырады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу үдерісіне қатысты және оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары болып бөлінеді.

Оқу үдерісіне енгізілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) мыналар жатады:

  • ҒЗЖ элементтері бар тапсырмаларды, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау;
  • әдістеменің теориялық негіздерін меңгеру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және орындау, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, ғылыми деректерді жинақтау, өңдеу, қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды қалыптастыру және т.б.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына дербес ғылыми жұмыс элементтерін орындайтын студенттер қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары міндетті түрде есеп берумен, кафедра отырыстарында немесе ғылыми конференцияларда мәлімделумен аяқталады.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде СҒЗЖ жандандыру мақсатында студенттерді түрлі деңгейдегі конференцияларға, конкурстарға және олимпиадаларға қатысуға тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Университет кафедраларында жыл сайын қаңтар айында кафедралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми семинарлар өткізіледі. Семинарларда оқытушылар өздерінің есепті жылдағы ғылыми қызметінің нәтижелері туралы баяндайды және ағымдағы жылға арналған ҒЗЖ бағдарламалары мен әдістемелерін ұсынады.

Жыл сайын университеттің барлық кафедралары бойынша ағымдағы оқу жылдарына ҒЗЖ және СҒЗЖ жоспарлары бекітіледі. Онда үйірме жұмыстары, пәндік олимпиадалар, студенттік ғылыми конференциялар, семинарлар өткізу, мақалалар жариялау, СҒЗЖ конкурстары және т.б. жоспарланып отырылады.

СҒЗЖ тиімділігі мынадай компоненттерден тұрады: студенттердің ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға және т. б. қатысуы.

Университетте жұмыс істейтін үйірмелердің студенттері аймақтық және республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми конференцияларға қатысады. Ғылыми үйірмелердегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметін дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғаламтор желісінде ғылыми ақпаратты жинау және жүйелеу жүргізіліп отырылады. Студенттік үйірмелерде дөңгелек үстелдер өткізіліп, семинарлар ұйымдастырылады.

2018-2019 академиялық жылы:

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша студенттердің Х Республикалық пәндік олимпиадасы

5В011000-Физика мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы

Жылдың үздік студенті

Келешек-2019

СҒЗЖ-2018. І семестр. Есеп

XVIII Байқоңыров оқулары

«Фемида» СНК. «Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының ролі мен маңызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Білім берудегі үштілділік: қажеттіліктері мен болашағы» тақырыбындағы «ҚТжЭҚ» кафедрасының дөңгелек үстелі

Инженер-2018

IX Марғұлан оқулары

ЖезУ кафедраларындағы пәндік олимпиадалар: ТІжМЭжЕҚППжФФИжМ

«Полиглот» клубының ашылуы

Жезқазған қаласы әкімінің кубогының дебат турнирі