Жезқазған университетінің Президент-Ректоры

Rektor 01

Әбділмәлік Арғынұлы Тәкішев - «Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ Президент-Ректоры (2010 ж. сәуір айынан бастап, күні бүгінге дейін), техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор.

  • ЖезУ қызметін басқаруды жүзеге асыру;
  • СМЖ құжаттарының талаптарына сәйкес, білім қызметтері мен үдерістерді сапалы қамтамасыз ету;
  • сапа саласындағы мақсаттар мен саясат туралы әрбір қызметкерге жеткізу;  
  • университет көлемінде СМЖ-ның жұмысын қамтамасыз ету;
  • сәйкессіздіктерді болдырмау және жою бойынша түзету, алдын алу шараларын жүзеге асыру;
  • университеттің Оқу кеңесін басқару;
  • университеттегі Оқу кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен қызметін ұйымдастыру жәнеолардың үйлестіруіне және концентрациясына ықпал ету;
  • оқу және материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
  • қабылдау комиссиясының, ҰБТ және МАБ өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру және басқару;
  • университет құрылымынының өзгеруі туралы жоғары органға ұсыныстар ұсыну;
  • акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар Кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру.

Президент-Ректор "ЖезУ" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар Кеңесі шешімдерін орындауға міндетті.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ХАА академигі

Білімі:

1976 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ді тәмамдады. 1983-1986 жылдары ҚазКСР ҒА-ның сейсмология Институтының аспирантурасында білім алды. 1986 жылы ҚР ҰҒА академигі Ж.С.Ержановтың ғылыми жетекшілігімен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатында 01.02.04 – «Деформацияланатын қатты денелер механикасы» мамандығы бойынша «Цилиндр қабығының динамикалық тұрақтылығы (бұрғылау колонкасы)» тақырыбында диссертацияны қорғады. 1991 жылы халықтық білім бойынша КСРО Мемлекеттік комиссияның шешімімен доцент ғылыми атағы берілді. 2002 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу мақсатында 01.02.04 - «Деформацияланатын қатты денелер механикасы» мамандығы бойынша «Күрделі салынған массив пен тірек бөліктерінің күйін басқарудың теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми кеңесшісі – ҚР ҰҒА академигі Ш.М. Айталиев. 2003 жылы ҚР БжҒМ Жоғарыаттестациялық комиссиясының шешімімен «Механика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 2004 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі болып сайланды.  

Жұмыс тәжірибесі:

 

- Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖезқазғанҒЗЖИтүстімет институтының инженері (1976-1977 ж.ж.).  

- Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған жалпы техникалық факультетінің ассистенті (1977-1981 ж.ж.).

- ҚарПТИ Жезқазған филиалының аға оқытушысы (1981-1988 ж.ж.).

- ҚазКСР ҒА сейсмология Институтының аспиранты(1983-1986 ж.ж.).

- ҚарПТИ Жезқазған филиалы және Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Жалпы техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі (1988-1996 ж.ж.), Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіндегі «Материалдар кедергісі мен қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі (1996 ж. бастап).

- «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ технологиялық және тау-кен технологиялық институттарының директоры (2005-2010 ж.ж.).

2010 жылдың сәуір айынан бастап,«Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ Президент-Ректоры.

Ғылыми қызметі:

100-ден аса ғылыми және әдістемелік жұмыстары мен өнертабыстары жарық көрді. «Күрделі салынған массив пен тірек бөліктерінің күйін басқару» монографиясы, жеті предпатенті, екі инновациялық патенті бар. Жұмыстың бір бөлігі жақын және алыс шет елдерде жарық көрді (Ресей, Украина, Қырғызстан, Шри-Ланка, Үндістан, Малайзия, Мысыр).

Ғылыми бағыттың негізгі саласы – серпімді жүйелердің динамикалық тұрақтылығы (параметрлік ауытқулар) мен геомеханика (тау жыныстарының массив күйін басқару) болып табылады.  

ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру аясында 2 (екі) ғылыми жоба жүзеге асырылды:

  1. «Тау жыныстары массивінің күйін басқару негізінде кен шоғырларын өңдеудің жаңа технологиясын әзірлеу», 2012-2014 ж.ж. жүзеге асыру жолдары.
  2. «Жазық кен орындарын тиімді және қауіпсіз игерудің жаңа технологиясын негіздеу және анықтау», 2015-2017 ж.ж. жүзеге асыру жолдары.
  3. Қаржыландырудың жалпы соммасы – 30 000 000 тенге.

Марапаттары мен мадақтамалары:

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары мен мадақтамалары, А.Байтұрсынов атындағы Алтын медаль.

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.