Басып шығару
PDF

Миссия және біз жайлы

missiaj

     Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – Жезқазған-Ұлытау аймағындағы жалғыз көпсалалы жоғары оқу орны. Сондықтан, университеттің басты міндеті – осы аймақты кадрмен және ғылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, аймағымыздың тау-кен өнеркәсібі Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының басым бағыты болып есептелінеді. Аймағымызда тау-кен, геология, энергетика, машина және жабдықтар технологиясы мамандықтары бойынша жоғары білікті мамандар, сонымен қатар жоғары білімді педагогика саласының кадрлары жетіспейді.    

 

Миссия

     Университеттің миссиясы – аймағымыз бен мемлекетіміздің инновациялық әлеуетін қалыптастыратын және нығайтатын кәсіби құзіретті түлектерді даярлау.

   

Біз жайлы

Біз кімбіз:

     Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын, тұтынушылармен, оқу және ғылыми орталықтармен серіктестік байланысты дамытып, бәсекеге қабілетті кадрларды, жоғары деңгейлі түлектерді даярлап отырған Жезқазған-Ұлытау аймағындағы білім, ғылыми және мәдени жағынан қарқынды дамып келе жатқан орталық. 

 Не істейміз:

     Сапалы білімнің бірыңғай стандартын пайдалана отырып, ақпаратты қоғамда жұмыс істей алатын кадрлар дайындаймыз; нарық сұранысына сәйкес, жаңа мамандықтарды, білім бағдарламаларын және бағыттарын енгіземіз; оқытуды ұйымдастырудың әдісін және түрін, жаңа технологиясын әзірлейміз және енгіземіз; білім мазмұнын дамытуда және сапасын қамтамасыз етуде ЖОО ғылыми-педагогикалық қоғамының, кәсіпорын, мекеме мен ұйым өкілдерінің әрекеттерін үйлестіруге қатысамыз; мемлекеттік және бизнес құрылымдарымен, қоғамдық ұйымдармен және әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілерімен, халықаралық ұйымдармен, кәсіби және академиялық қауымдастықтармен ынтымақтастықты қолдаймыз және дамытамыз; бірыңғай ақпараттық кеңістіктікті дамытуда жоғары мектеп, қоғам және мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыруға қатысамыз.  

Неге/қайда талпынамыз:

     Ақпараттық қоғамда тау-кен металлургия, экономика және педагогика саласында жоғары білікті кадрларды дайындауда Қазақстанның көшбасшы тәжірибелі-бағытталған  жоғары оқу орны атану. Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономиканың басым бағыттарын дамыту бойынша ғылыми зерттеулерде, халықаралық оқу-ғылыми кеңістігінде әрі қарай тереңірек интеграциялауда көшбасшы бағытын ұстану.  

Мақсаты:

     Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің көпсалалы университет ретінде қарқынды дамуы үшін ұлттық білім жүйесінің инновациялық дамытуын қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-технологиялық, кадрлық мәселелерді тиімді шешілуіне, әлеуметтік және жастар саясатын, білім саласындағы мемлекеттің стратегиялық жоспарын сәтті жүзеге асыруына мүмкіндік жасалынатын Жезқазған-Ұлытау аймағында мұғалімдерді, инженерлерді даярлайтын базалық орталық болуына жағдай жасау. 

 

миссия